Ақтөбе ФК бапкерлік құрамындағы өзгерістер

07.Jan.2025

Жаңа маусымнан бастап қақпашылар бапкері болып Олег Шевченко тағайындалды. Украиналық 50 жастағы маман 2003 жылдан бастап бапкерлік мансабын бастаған. Оған дейін украиналық командалар сапында ойнап, КСРО U-16 құрамасының қақпашысы болды. Бапкерлік мансабының көпшілік бөлігінде Донецк қаласының “Шахтер” және “Металлург” командаларының жастар құрамасы қақпашыларын жаттықтырған. Енді Ақтөбе қосынындағы қақпа күзетшілерінің біліктілігін арттырады.

Іске сәт Олег Валентинович!