Ресми: Оралхан Өміртаев Ақтөбе ФК ойыншысы

24.Jan.2025

“Ақтөбе” ФК қазақстандық шабуылшы Оралхан Өміртаевпен келісімшарт жасасқанын растайды. Шабуылшы бас бапкер Игорь Леоновтың ойын схемасында өзіндік орны бар ойыншы. Жылдамдық, физикалық даярлығының арқасында ол өзінің командаға пайдалы екенін дәлелдей алды. Оралхан мансабында қазақстандық “Шахтер”, “Тобыл”, “Ақжайық”, “Атырау” командаларының құрамында ойнады. Сонымен қатар Беларусь чемпионатында “Слуцк” және “БАТЭ” командаларының сапында барлығы 27 ойын өткізіп, 10 гол соққан. Сонымен қатар Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында 5 ойында екі рет қақпаны дәл көздеді. Айта кетейік, Оралхан ОЖЖ барысында “Ақтөбе” үшін дебюттік голын соғып үлгерді.