Рақмет, Немо!

10.Nov.2025

«Ақтөбе» ФК сербиялық орталық қорғаушы Неманья Анджелковичпен қош айтысты. Айта кетейік, екі тарап өзара келіссөздер нәтижесінде, келісімшарт мерзімін тоқтататын болды.

Неманьяға «ақ-қызылдар» сапында өткізген ойындары үшін алғыс білдіреміз. Өз ойынымен, жанкештігімен жанкүйерлер оны жақсы жағынан есте сақтайтынына сенімдіміз. Ойыншының алдағы мансабы бұдан да сәтті әрі жарқын болатынына сенім білдіреміз!