Рақмет, Данияр!
11.Nov.2025
Биылғы маусымда «Ақтөбе» ФК сапында өнер көрсеткен жартылай қорғаушы Данияр Үсеновтың жалға беру келісімшарт мерзімі аяқталды. Айта кетейік, ойыншы «Тобыл» командасынан уақытша жалға алынған еді.
Данияр биыл «Ақтөбе» сапында Қазақстан Премьер Лигасында 14 ойын өткізіп, 1 гол соғып және 3 рет нәтижелі пас беріп, көзге түскен еді.
Даниярға атқарылған жұмысы үшін алғыс білдіреміз. Жарақаттан сау, алдағы мансабы сәтті болуын тілейміз!


