Bem-vindo de volta a Aktobe, Rogério!
27.Jul.2023
«Ақтөбе» футбол клубы бразилиялық шабуылшы Рожерио дос Сантос Алвешпен келісім-шартқа отырғанын қуана хабарлайды.
26 жасар форвард бізге былтыр Украина Премьер-лигасында өнер көрсететін «Львов» футбол клубынан жалға ауысып келіп, 31 матчта 5 гол салып, 3 нәтижелі пас берген. «Шина» деген лақапатпен танымал жас орталық шабуылшы алғашында өзінің туған қаласы Сан-Паулудағы «Жувентус» және «Ваи-Ваи» клубтары сапында да, кейін БАӘ «Әл-Фұжайра» қатарында да доп тепкен.
«Ақтөбе» жанкүйерлерінің сүйіктісіне айналған Рожерио Алвешке қызыл-ақ жанұяға оралуыңмен дей отырып, зор мансаптық табыстар тілейміз!
«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі