Dobrodošli, Mate!
19.Jan.2022
«Ақтөбе» футбол клубы 26 жасар хорват жартылай қорғаушысы Мате Црнчевичпен келісім-шартқа отырды.
Меткович қаласының тумасы өз отанындағы «Драговоляц», «Цибалия» және загребтік «Динамоның» құрамында доп теуіп, 81 ойында бес гол соғып, үш голдық пас берген. Соңғы маусымды Босния және Герцеговинаның жоғары біріншілігінде өнер көрсететін «Железничар» сапында өткізген.
Бойы 1,85 метрді құрайтын Црнчевич жартылай қорғаныстың тірек аймағында ойнайды. Әртүрлі жас деңгейінде Хорватия құрамасының намысын қорғаған. «Цибалия» клубымен бірге Хорватияның Екінші лигасын жеңген.
Матеге қызыл-ақ жанұяға қош келдің дей отырып, біздің команда құрамында оған зор табыстар тілейміз.
«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі