31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 31 мамыр күні жыл сайын елімізде саяси қуғын-сүргін құрбандары еске алынады.
Бұл күні бүкіл ел саяси қуғын-сүргін құрбандары болған біздің отандастарымызды еске алады. Қазақстан саяси қуғын-сүргіннің не екенін біледі: атап айтқанда, еліміз күштеп ұжымдастырудың ауыр халін бастан өткізді, үш ашаршылықты, сталиндік кезеңнің үлкен зұлматын, жер аударылған халықтың трагедиясын, тоқырау жылдарындағы қуғындауды есінен шығармайды және қазір қолда бар Тәуелсіздіктің қадірін жақсы түсінеді.
#Жадымызда

