Қазақстан ұлттық құрамасы наурыз айының 24 және 29 күндері Ұлттар лигасының өтпелі матчында Молдовамен екі мәрте кездеседі.
Сол ойынның алдында Қазақстан құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Андрей Карпович құрама командаға шақыртылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады.
«Ақтөбе» қақпашысы Стас Покатилов, қорғаушылар Юрий Логвиненко, Темірлан Ерланов, жартылай қорғаушылар Арман Кеңесов және Рамазан Оразов — аталмыш тізімде.
УЕФА Ұлттар лигасындағы алғашқы ойын Кишинев қаласында өтсе, қарымта кездесу Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана Аренада» ойналады.
«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі
16 наурыз 2022
Бөлісу

