Абат Айымбетов – «Ақтөбе» ойыншысы 🛡️ 30 жастағы шабуылшы Абат Айымбетов өз туған клубына қайта оралғанын қуана хабарлаймыз.Айымбетов – қазіргі таңдағы «Ақтөбенің» соңғы чемпиондығына әкелген “алтын голды” 2013 жылы соққан ойыншы. Содан бері Абат жалғыз ақ-қызылдарды ғана емес, сонымен қатар алматылық “Қайрат” пен елордалық “Астананы” да чемпион қылды. Ресейлік “Крылья Советов”, түркиялық “Адана Демирспор” мен румындық “Петролул” клубтарында бағын сынап көрді.«Ақтөбеміздің» жастарымен де Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы атанған Абат ақ-қызылдардың негізгі командасы сапында жүзден астам матч өткізіп, 20-дан аса гол салды. Ұлттық құрамада атой салып, маңызды матчтарда көзге түсті де, Қазақстан тарихындағы үздік сұрмергендердің төрттігіне енді.Жанұяңа қош келдің, алтын бала! 🤝
30 жастағы шабуылшы Абат Айымбетов өз туған клубына қайта оралды. Ол «Ақтөбе» сапында жүзден астам матч өткізіп, 20-дан аста гол соққан.
Бөлісу
Жаңалықтарға оралу



