«Ақтөбе» футбол клубы үшін әр жанкүйердің орны бөлек. Айыппұл алған алты аруымыздың да шығынын «Ақтөбе» футбол клубы толықтай өтеп береді. Қаракөздеріміз қателескен тұсын толықтай түсінді. Алдағы уақытта да командаға қолдау білдіріп, келесі жолы бәрі «ережеге сай» болады деп уәде берді. Жанкүйерлер – біздің мақтанышымыз!




