FC Aktobe
«Ақтөбе» Ерай Өзбекпен келіссөз жүргізбеді деп хабарлады
FC Aktobe

«Ақтөбе» Ерай Өзбекпен келіссөз жүргізбеді деп хабарлады

Жаңалықтарға оралу
30 маусым 2026

Ресми хабарлама. Кейбір БАҚ беттерінде «Ақтөбе» футбол клубы түрік жартылай қорғаушысы Ерай Өзбекпен келіссөз жүргізді деген жалған ақпар тарады. «Ақтөбе» футбол клубы аталмыш ақпараттың шындыққа мүлде жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды. «Ақтөбе» ешқашан жоғарыда аталған ойыншымен ешқандай келіссөз жүргізген емес. Клуб бұл дақпырт ақпараттар легінің қайдан, кімнен шығып жатқанын жақсы біледі және алдағы уақытта қатаң шаралар қолданатын болады. Жанкүйерлер мен БАҚ өкілдерін ресми ақпаратқа ғана назар аударып, клуб абыройына нұқсан келтіретін хабарлардан аулақ болуға шақырамыз.

Бөлісу