FC Aktobe
«Ақтөбе» мен «Атырау» өзара тур ауыстырды
FC Aktobe

«Ақтөбе» мен «Атырау» өзара тур ауыстырды

6 мамыр 2026

Қазақстан Премьер-лигасында кездесулердің күндері өзгерді. 17 мамырда «Ақтөбе» – «Атырау» матчы үйде өтеді.

«Ақтөбе» мен «Атырау» өзара тур ауыстырды 🤝

Қазақстан Премьер-лигасының 10-туры аясында сырт алаңда 17 мамыр күні өтуі тиіс болған «Атырау» – «Ақтөбе» кездесуі 8-9 тамызға ауыстырылды.

Ал 21-тур аясындағы «Ақтөбе» – «Атырау» матчы 17 мамырда Қобыланды батыр атындағы Ақтөбе Орталық стадионында өтеді.

Осылайша, ақ-қызылдар алдымен "мұнайшыларды" өз алаңында қабылдап, екінші айналымда қонаққа барады.