Олувасейи Бабаджиде – «Ақтөбе» ойыншысы ❤️🔥29 жастағы ағылшындық вингер Олувасейи Бабаджиде «Шейи» Оджо «Ақтөбе» футбол клубымен келісім-шартқа отырғанын ресми хабарлаймыз.Оджо «Ливерпуль» академиясында футболдағы алғашқы қадамдарын жасап, кейін мерсисайдтықтардың бас командасы сапында да өнер көрсетті. Сонымен қатар әр жылдары Англияның «Уиган», «Вулверхэмптон», «Фулхэм», «Кардифф Сити», «Миллуол», Францияның «Реймс», Шотландияның «Рейнджерс», бельгиялық «Кортрейк» және словениялық «Марибор» клубтарында абыроймен ойнады.Сондай-ақ Шейи Оджо Англияның жасөспірімдер және жастар құрамаларында өнер көрсетіп, Англия U20 құрамасымен бірге әлем чемпионы атанған.Оджоға ақ-қызылдар отбасына қош келдің дей отырып, бізбен бірге зор жетістікке жетуін тілейміз! 🔴⚪️
29 жастағы ағылшындық вингер «Ақтөбе» футбол клубымен келісім-шартқа отырды. Ол «Ливерпуль» тәрбиеленушісі.
Бөлісу
Жаңалықтарға оралу



