📣 «Ақтөбе» – «Қайрат» матчына аккредиттеу басталды!
«Ақтөбе» футбол клубы 2026 жылғы 25 қазанда Қазақстан Премьер-лигасының 29-туры аясында өтетін «Ақтөбе» – «Қайрат» матчында жұмыс істейтін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін аккредиттеуге өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды.
‼️ Назар аударыңыздар! Маусымдық аккредитация алған барлық тілшілердің де осы матчта жұмыс істеу үшін қайта аккредиттеуден өтуі міндетті.
Аккредитация алу үшін бас редактордың немесе оның орынбасарының қолы қойылған, редакцияның ресми бланкісінде рәсімделген өтініш хатты fcaktobe2026@yandex.kz электронды поштасына жіберу қажет. Өтінімде өкілдің аты-жөні, лауазымы және аккредитация санаты (PRESS/PHOTO) көрсетілуі тиіс.
Бір редакциядан 1 тілші мен 1 фотографқа дейін аккредитация беріледі.
📅 Өтінімдер 23 қазанға дейін қабылданады.
📞 Қосымша ақпарат: +7 776 763 9903 Айнат.




