FC Aktobe
«Ақтөбе» Шымкентте дайындық жүргізуде
FC Aktobe

«Ақтөбе» Шымкентте дайындық жүргізуде

5 тамыз 2026

Ақтөбеліктер Петропавлдан кейін Шымкентке аттанды. «Атырауға» қарсы матчқа «Биік» базасында дайындалады.

«Ақтөбе» Шымқалада дайындық жүргізіп жатыр

Петропавлдағы ойыннан кейін ақ-қызылдар бірден Шымкентке аттанды. Себебі – қаламызда Әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі өтуіне орай барлық жаттығу алаңдары бос емес.

Осыған байланысты басшылық пен бапкерлік штабтың шешімімен «Ақтөбе» келесі матчқа шымкенттік “Биік” базасында әзірленетін болды. Еске сала кетейік, 9 тамыз күні ақтөбеліктер Түркістанда «Атыраумен» кездеседі.