FC Aktobe
"Ақтөбе" – "Тобыл" матчына жанкүйерлер секторының билеттері сатылымда
FC Aktobe

"Ақтөбе" – "Тобыл" матчына жанкүйерлер секторының билеттері сатылымда

2 наурыз 2026

7 наурыз күні Түркістанда өтетін маусымның тұсаукесер матчына жанкүйерлер секторының билеттері сатылымға шықты. Е1 секторы 500 тг, балаларға 300 тг.

Жанкүйерлерге құлаққағыс! 7 наурыз күні Түркістан шаһарында өтетін "Ақтөбе" – "Тобыл" арасындағы маусымның тұсаукесер матчына біздің сектор билеттері сатылымға шықты. Сілтемесі төменде: https://ticketon.kz/#!ticketon:openShow:6336344

Ақ-қызылдардың белсенді жанкүйерлеріне "Түркістан Арена" стадионының Е1 секторы (Шығыс трибуна) бөлінген.

Билеттер Ticketon сайтында сатылады. Құны – 500 тг, балаларға – 300 тг. Қалған сектор билеттері 5 наурыздан бастап сатылады.

"Ақтөбе" – "Тобыл" матчына жанкүйерлер секторының билеттері сатылымда | FC Aktobe