FC Aktobe
«Ақтөбе» жаңа бапкерлерді қабылдады
FC Aktobe

«Ақтөбе» жаңа бапкерлерді қабылдады

31 шілде 2026

Игорь Черевчоның жаттықтыру штабы толықты: Юрий Батуренко мен Михаил Соловей «Ақтөбе» командасымен жұмыс істейді.

Жаңа бас бапкердің екі көмекшісі тағайындалды

Юрий Батуренко мен Михаил Соловей «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері Игорь Черевченкоға жәрдемдеспек.

🇹🇯 61 жастағы маман Юрий Михайлович Батуренко Тәжікстанда дүниеге келіп, ойыншы ретінде Ресейде танылған. Мәскеулік «Локомотивпен» бірге көршілес ел біріншілігінің күміс және қола жүлделерін жеңген. Бапкер ретінде теміржолшылардан бөлек, “Мордовия”, “Анжи”, “Ротор” мен “Ростов” сияқты басқа да ресейлік клубтарда және әзірбайжандық “Габала” мен тәжікстандық “Истиқлол” ұжымдарында еңбек еткен.

🇷🇺 45 жастағы ресейлік жаттықтырушы Михаил Александрович Соловей ойыншы ретінде өз отанындағы “Рыбинск”, “Нижний Новгород”, “Луч-Энергия” және т.б. клубтардың намысын қорғаған. Бапкер ретінде “СКА-Энергия”, “Анжи”, “Арсенал”, “Химки”, “Балтика” және “Шинник” ұжымдарында қызмет істеген. Соловей “Ақтөбе” футбол командасының бас бапкеріне физикалық даярлық жағынан көмек бермек.

Қош келдіңіздер!