FC Aktobe
Аян Аманжулов – VI турдың үздік ойыншысы
FC Aktobe

Аян Аманжулов – VI турдың үздік ойыншысы

19 шілде 2026

«Ақтөбе» U18 командасының ойыншысы Аян Аманжулов Freedom QJ лигасының VI турдың үздігі атанды. Ол «Ертіс» қақпасына бір гол соғып, қанжығасына екі нәтижелі пас түсірді.

Аян Аманжулов – VI турдың үздік ойыншысы! 👏 Кеше өткен матч алдында «Ақтөбе» U18 командасының ойыншысы Аян Аманжуловқа Freedom QJ League ұйымдастырушылары тағайындаған «VI турдың үздік ойыншысы» марапаты табысталды. Сараптамалық топтың шешімімен бұл атаққа лайық деп танылған Аян «Ертіс» U18 командасына қарсы кездесуде бір гол соғып, екі нәтижелі пас беріп, командасының жеңісіне зор үлес қосты. Аянды лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жарқын жеңістер тілейміз!

Аян Аманжулов – VI турдың үздік ойыншысы | FC Aktobe