БАҚ Назарына! 🖊️ 📸 🗞️ «Ақтөбе» футбол клубы 2026 жыл бойына өтетін футболдан Қазақстан Премьер-лигасының және Кубогінің өз алаңындағы матчтарында жұмыс істейтін спорт журналистеріне (1 басылымнан 1 фотограф + 1 тілші) арналған аккредитацияға өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлайды.Аккредитациядан өткен БАҚ өкілдеріне:— матч өтетін күні спорттық аренаға кіруге;— баспасөзге арналған арнайы аймақтағы орынға;— матчты бастау хаттамасын алуына рұқсат беріледі.Бас редактордың/бас редактор орынбасарының қолымен БАҚ бланкісінде талап етілетін аккредитация түрін міндетті түрде көрсете отырып: (басылым/фото/радио) өтініш хатты merey.kupzhanov@gmail.com электронды мекенжайына жіберулеріңіз сұралады.Өтінімдер 5 наурызға дейін қабылданады және аккредитация алғашқы ойын болатын күні беріледі.Толық ақпаратты төмендегі байланыс нөмірі арқылы алуға болады:8-702-282-08-46 Әсет Жомарт
«Ақтөбе» ФК 2026 жылдың үй ойындарына БАҚ өкілдеріне аккредитацияға өтінімдер қабылдайды. Өтінімдер 5 наурызға дейін қабылданады.
Бөлісу
Жаңалықтарға оралу



