«Ақтөбе» футбол клубының жас жартылай қорғаушысы Аян Байдәулетов өзара мәміле аясында команда сапынан кетті.
20 жастағы түлегіміз QJ League жасөспірімдер турнирінің 2023 жылғы маусымында танылып, бір гол соқты және бес нәтижелі пас шығарды. Келесі жылы "Ақтөбенің" негізгі құрамымен бірге Лига Кубогінде дебют жасаса, былтыр ҚПЛ-да ойнау бағы бұйырды. Сондай-ақ Бірінші лигада Аян «Ақтөбе» жастар командасымен бірге елуге жуық матчқа қатысып, бес гол мен бір голдық пастың авторы атанды. Байдәулетов «Ақтөбенің» бас құрамында барлық турнирлерде жалпы саны 23 матч ойнап, бір дәл соққысымен және үш нәтижелі пасымен көзге түсті.
Аянға бірлесе өткен дара жол үшін алғыс білдіре отырып, алдағы мансабына сәттілік тілейміз.

