FC Aktobe
Азамат Шайхы — «Ақтөбе»ФК жаңа басқарма төрағасының міндетін уақытша атқарушы
FC Aktobe

Азамат Шайхы — «Ақтөбе»ФК жаңа басқарма төрағасының міндетін уақытша атқарушы

Жаңалықтарға оралу
14 қыркүйек 2023

«Ақтөбе» футбол клубы Директорлар кеңесінің шешімімен Азамат Ерболұлы Шайхы басқарма төрағасының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.

Ал бұған дейін «Ақтөбенің» басқарма төрағасы болған Сергей Куленко қызметінен босатылды.

35 жастағы А.Шайхы Батыс Қазақстан облысында туған. Спорт және туризм академиясын (Алматы) «Дене тәрбиесі», ҚазИТУ оқу орнын (Орал) «Жергілікті және мемлекеттік басқару» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Самбодан спорт шебері болған ол кейіннен «Намыс» және «Ақжайық» спорт клубтарында әдіскер, бапкерден бастап команда жетекшісі (бенди), бас директордың орынбасары қызметтеріне дейін көтеріледі.

\"\"
Бөлісу
Азамат Шайхы — «Ақтөбе»ФК жаңа басқарма төрағасының міндетін уақытша атқарушы | FC Aktobe