FC Aktobe
«Ақтөбе» алғашқы қысқы жиынын бастады
FC Aktobe

«Ақтөбе» алғашқы қысқы жиынын бастады

Жаңалықтарға оралу
15 қаңтар 2022

13 қаңтарда «қызыл-ақтардың» Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны басталды.

Айта кетерлігі, елдегі соңғы оқиғалар мен облыстағы төтенше жағдайға байланысты клуб әлеуметтік желіде ақпарат жарияламады.

Владимир Мухановтың шәкiрттерi маусымға дайындық аясында 7 қаңтарда Белекке ұшуы керек еді. ОЖЖ кешігуіне байланысты екі дебюттік бақылау матчы да болмайтын болды. Дегенмен, Украинаның «Полесье» және «Заря» клубтарымен өтетін қос жолдастық кездесу бұрын жарияланған мерзімде өтеді.

Жақын арада жанкүйерлер назарына командаға жаңадан келген және қаралымдағы ойыншылар ұсынылатын болады.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі

Бөлісу
«Ақтөбе» алғашқы қысқы жиынын бастады | FC Aktobe