FC Aktobe
Асхат Қалжанов - өз еркімен \"Ақтөбе\" футбол клубының спорт директоры қызметінен кетті!
FC Aktobe

Асхат Қалжанов - өз еркімен \"Ақтөбе\" футбол клубының спорт директоры қызметінен кетті!

19 шілде 2021

Спорт директоры қызметіне ағымдағы жылдың сәуір айында тағайындалған
Асхат Сағитжанұлы, осыған дейін \"Ақтөбе\" ФК-да медиа-офицер, жанкүйерлермен жұмыс жөніндегі қызметкер, футбол орталығының менеджері лауазымдарында еңбек еткен болатын. 2015 жылдың қаңтар айында \"Ақтөбе футбол федерациясының\" бас хатшысы болып сайланып, 2020 жылдың қаңтар айынан бастап осы ұйымның вице-президенті болған. 2020 жылдың наурыз айынан бастап, осы ұйымның президент міндетін атқарды. Сондай-ақ 2021 жылдың қаңтар айында Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды

\"Ақтөбе\" футбол клубы Асхат Қалжановқа жұмысы үшін алғыс білдіріп, алдағы мансабында одан әрі табыстар тілейді!

«Ақтөбе» футбол клубының баспасөз қызметі