«Ақтөбе» футбол клубына үлкен міндеттер жүктелді
FC Aktobe

«Ақтөбе» футбол клубына үлкен міндеттер жүктелді

Жаңалықтарға оралу
2023 ж. 29 наурыз

«Ақтөбе» футбол клубына үлкен міндеттер жүктелді

Бүгін клубтың Директорлар кеңесінің төрағасы Болат Мажағұлов \"ақ-қызылдардың\" жаттығуына арнайы келіп, командамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Болат Бауыржанұлы бапкерлік штаб пен ойыншылардың ұсыныстарын тыңдап, пікір алмасты. Өз кезегінде Кеңес төрағасы биыл да \"Ақтөбенің\" мақсаты — ел чемпионы атану екенін баса айтты.

Сондай-ақ ол бас бапкер Андрей Карповичтің алдына УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңіне шығу міндеті артылып отырғанын атап өтті. \"Міндеттерді шешу жолында облыс басшылығы барлық жағдайды жасайды\", - деді Мажағұлов.

Алдағы жексенбі күні, 2 сәуірде, ақтөбеліктер петропавлдық \"Қызылжармен\" чемпионат матчын өткізбек. Кездесу жергілікті уақытпен сағ. 16:00-де басталады.

?⚪

Перед футбольным клубом «Актобе» поставлены высокие задачи

Сегодня председатель Совета директоров клуба Болат Мажагулов лично посетил тренировку \"красно-белых\", где провел встречу с командой.

На встрече Болат Бауыржанович выслушал предложения тренерского штаба и игроков, обменявшись с ними мнениями. В свою очередь председатель Совета подчеркнул, что и в этом году у \"Актобе\" стоит цель — стать чемпионами страны.

Также он отметил, что перед главным тренером Андреем Карповичем поставлена задача выхода в групповой этап Лиги конференций УЕФА. \"Для решения задач, со стороны руководства области будут созданы все условия\", - заключил Мажагулов.

А уже в это воскресенье, 2 апреля, актюбинцы проведут матч чемпионата против петропавловского \"Кызылжара\". Игра начнется в 16:00 часов по местному времени.

\"\"

Бөлісу
«Ақтөбе» футбол клубына үлкен міндеттер жүктелді | FC Aktobe