«Ақтөбе» ФК бас бапкері Вячеслав Дмитриевич Левчук өз қызметінен босатылды. Бұл шешім команданың соңғы кездегі нәтижелері мен ішкі жағдайларын ескере отырып қабылданды. Абай облысының “Елімай” ФК қарсы ойында Левчук шәкірттері 2:1 есебімен жеңілген еді. Осы орайда, клуб басшылығы осындай шешімге келді.
Клуб ұжымы Вячеслав Левчуктің командаға сіңірген еңбегі үшін алғыс білдіреді және оның болашақтағы жұмыстарына сәттілік тілейді.
Бөлісу
Жаңалықтарға оралу



