\"Ақтөбенің\" екі футболшысы Қазақстан жасөспірімдер құрамасына шақыртылды
FC Aktobe

\"Ақтөбенің\" екі футболшысы Қазақстан жасөспірімдер құрамасына шақыртылды

Жаңалықтарға оралу
31 тамыз 2021

U17 Қазақстан жасөспірімдер құрама командасының 2021/22 жылғы Еуропа Чемпионатына іріктеу кезеңіне даярлығы және қатысуы аясында ҚФФ 30 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында Алматыда оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Осыған орай жасөспірімдер құрамасына футбол орталығымыздағы ақ-қызылдардың 2005 жылғы түлектері Табиғатов Еркебұлан мен Райжан Роллан шақырту алды.

Жоспарланып отырғандай, жиын Талғардағы спорттық-жаттығу базасында өтеді.

\"Ақтөбе\" ФК баспасөз қызметі

Бөлісу
\"Ақтөбенің\" екі футболшысы Қазақстан жасөспірімдер құрамасына шақыртылды | FC Aktobe