FC Aktobe
Денис Измайлов — #АқтөбеМақтаарал матчының бас төрешісі
FC Aktobe

Денис Измайлов — #АқтөбеМақтаарал матчының бас төрешісі

22 маусым 2023

ҚФФ Төрешілік ету және инспекциялау департаменті Қазақстан Olimpbet-чемпионатының 13-тур аясындағы болатын матчтарына төрешілер тобын тағайындады.

\"\"

Футболдан Қазақстан Olimpbet-чемпионаты
13-тур
25 маусым
Ақтөбе – Мақтаарал

Төрешілер: Измайлов Денис (Талдықорған), Шабанов Алексей (Алматы), Серікболов Данияр (Семей) VAR төрешісі​​​​​​​: Гаузер Александр (Петропавл)
AVAR төрешісі: Мағау Наргис (Алматы)
Қосалқы төреші: Суликанов Саят (Ақтөбе)
Инспектор: Салий Павел (Өскемен)

45 жастағы Измайлов жалпы өзінің төрешілік мансабында «Ақтөбенің» қатысуымен өткен 14 матчқа бас қазы болып тағайындалған. Оның сегізінде ақтөбеліктер жеңіске жетсе, үшеуінде тең ойнап, үшеуінде жеңіліс тапқан.