Қазақстан ұлттық құрамасының 24 жастағы қорғаушысы қызыл-ақтармен келісім-шартқа отырды.
Ескендір алматылық «Қайраттың» түлегі. Одан бөлек талдықорғандық «Жетісуда» өнер көрсеткен. ҚПЛ соңғы маусымында Қыбырай Қарағандының «Шахтер» сапында өнер көрсетіп, 22 матч өткізіп, бір гол және бір нәтижелі пас берген.
Ол Қазақстанның жастар және жасөспірімдер құрамаларында өнер көрсетті. Қорғаушы биыл еліміздің ұлттық құрамасына да тартылды.
Жас ойыншы Конференциялар лигасы мен Қазақстан Республикасы Кубогында кеншілер үшін тамаша ойынымен ерекшеленді, онда Ескендір 12 кездесу өткізіп, нәтижелі пас берді.
«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі
27 желтоқсан 2021
Бөлісу

