Игорь Кистер «Ақтөбенің» спорттық директоры болып тағайындалды
FC Aktobe

Игорь Кистер «Ақтөбенің» спорттық директоры болып тағайындалды

Жаңалықтарға оралу
26 шілде 2021

«Ақтөбе» футбол клубы Игорь Оттович Кистердің біздің команданың спорт директоры лауазымына тағайындалғаны туралы ресми хабарлайды.

Футболшы ретінде өз кезінде «Ақтөбе» сапында доп тепкен маман ақтөбелік футбол мектебінің түлегі болып табылады.

Бұған дейін ол ұзақ уақыт бойы «ақ-қызылдардың» спорттық директоры, сондай-ақ бапкер және команда жетекшісі міндеттерін атқарған болатын.

Игорь Оттовичті туған клубына қайта оралуымен құттықтай отырып, біздің ұжыммен барлық мақсаттарға жетуін тілейміз.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі

Бөлісу
Игорь Кистер «Ақтөбенің» спорттық директоры болып тағайындалды | FC Aktobe