Тәрбиеленушілер марапатталды
FC Aktobe

Тәрбиеленушілер марапатталды

Жаңалықтарға оралу
26 маусым 2023

\"Ақтөбе\" — \"Мақтаарал\" матчының үзілісінде футзалдан Қазақстан чемпионатында \"алтын\" және \"қола\" медаль иеленген \"Ақтөбе-U19\" бен \"Ақтөбе-U17\" командалары марапатталды.

Қос команданың да бас бапкері Сержан Шуманбаев. Жас жеткіншектерге алқадан бөлек, трофей де табыс етілді.

Сонымен қатар Ресейдегі \"Кубок Казани\" турнирінде бірінші орын алған футболдан \"Ақтөбе-2012\" командасы (жаттықтырушысы Қуанышбек Орынтаев) алтын жүлдемен марапатталса, Хорватияның Сплит қаласында өткен \"Dalmatinko Cup\" халықаралық жарысында күміспен күптелген Данияр Ахмедияр мен Нұрбол Жұмашев шәкірттері — \"Ақтөбе-2013\" командасы да ресми марапатқа ие болды.

Сондай-ақ 2009 жылғы жасөспірімдер арасындағы Қазақстан біріншілігінде топ жарған Ақтөбе \"ОБЖОРСМ-2009\" командасы да (бапкерлері Самат Құздыбаев, Әли Тайғарин) мадақталды.

\"\"
Бөлісу
Тәрбиеленушілер марапатталды | FC Aktobe