Рақмет, Андерсон!
FC Aktobe

Рақмет, Андерсон!

Жаңалықтарға оралу
5 қаңтар 2024

Ивуарлық жартылай қорғаушы Франк Андерсон Ньянгбо жал мерзімінің аяқталуына байланысты \"Ақтөбеден\" кетті.

24 жастағы ойыншы маусым барысында бельгиялық \"Гент\" сапынан жалға ауысып келіп, барлық турнирлер аясында \"Ақтөбе\" құрамындағы 23 матчта үш гол соқты және бір нәтижелі пас берді.

Хавбек Қазақстанның қола жүлдегері атанды.

\"Ақтөбе\" футбол клубы Ньянгбоға өзара ынтымақтастық үшін алғыс білдіре отырып, алдағы мансаптық жолына мол табыс тілейді.

Бөлісу
Рақмет, Андерсон! | FC Aktobe