«Ақтөбе» түлектері Alikhan Cup республикалық турнирінде топ жарды
FC Aktobe

«Ақтөбе» түлектері Alikhan Cup республикалық турнирінде топ жарды

Жаңалықтарға оралу
2021 ж. 21 желтоқсан

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында Ақтөбе қаласында Alikhan Cup — 2021 республикалық жарысы өткізілді.

2006-2015 жылдар аралығында туған жас өрендер арасында өткен турнирге ақтөбелік балалар да қатысты. Айналымдық жүйе бойынша өткізілген додада «Ақтөбе» U-9 бен «Ақтөбе» U-8 жеткіншектері жоғары нәтижемен көзге түсті.

Жаттықтырушы Данияр Ахмедиярдың шәкірттері болып табылатын «Ақтөбе-2013» командасы жарыс қорытындысы бойынша қола медаль иеленсе, Қуанышбек Орынтаев баптайтын «Ақтөбе-2012» балалары алтыннан алқа тағынды.

«Ақтөбе» түлектері Сағидолла Сұлтан (\"Үздік ойыншы\"), Бақытжан Мұса (\"Үздік қорғаушы\"), Золотарев Владислав (\"Үздік шабуылшы\"), Мирболатұлы Айсұлтан (\"Құнды ойыншы\"), Жанпейісов Арсен (\"Құнды ойыншы\") және Есентүгел Хасан \"(Құнды ойыншы\") әртүрлі номинациялармен марапатталды.

Айта кетейік, облысымыздың аудандарынан бөлек, аталмыш жарысқа Ақтау, Жаңаөзен, Атырау, Қызылорда, Қарағанды және Алматы облыс/қалаларынан келген барлығы 57 команда қатысты.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі

Бөлісу
«Ақтөбе» түлектері Alikhan Cup республикалық турнирінде топ жарды | FC Aktobe