Қош келдің, Шац!
FC Aktobe

Қош келдің, Шац!

Жаңалықтарға оралу
15 қаңтар 2024

\"Ақтөбе\" футбол клубы Қазақстан құрамасының негізгі қақпашысы Игорь Шацкийдің ақ-қызылдар құрамына ауысқанын ресми хабарлайды.

34 жастағы ойыншы қарағандылық \"Шахтер\" түлегі және бүкіл мансабын дерлік Шацкий өз клубында өткізді.

Сондай-ақ ол астаналық \"Жеңіс\" пен қостанайлық \"Тобыл\" сапында да өнер көрсетті.

2017 жылдан бастап ұлттық құрамаға тартыла бастаған Игорь команданың негізгі қақпашысына айнала білді. 2022 жылы \"Қазақстан Премьер-лигасының үздік қақпашысы\" атанып, \"Жыл спортшысы\" номинациясында ұлттық жүлде иегері атанды.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының соңғы жетістіктері Игорь Шацкийдің есіміне тікелей байланысты.

\"\"
Бөлісу
Қош келдің, Шац! | FC Aktobe