FC Aktobe
Дидар Қадыров – «Ақтөбе» басқарма төрағасының орынбасары
FC Aktobe

Дидар Қадыров – «Ақтөбе» басқарма төрағасының орынбасары

6 тамыз 2026

Дидар Қадыров «Ақтөбе» футбол клубының басшылық құрамына енді. Ол клубтың операциялық және медиалық бағытын дамытуға жауапты болмақ.

Белгілі спорт комментаторы және журналист Дидар Қадыров «Ақтөбе» футбол клубының басшылық құрамына енді.

Дидар Metaratings.kz порталының және Sport Plus Qazaqstan телеарнасының бас редакторы қызметтерін атқарды. Сондай-ақ ол ҚФФ және AlmaU бірлесіп ұйымдастырған «Футбол менеджменті» бағдарламасының түлегі.

Қадыров клубтың операциялық мәселелері мен медиалық жағынан ілгерілеуіне жауап бермек.

Іске сәт!