FC Aktobe
Ибраһим Бауыржанов – VI турдың үздік голының авторы!
FC Aktobe

Ибраһим Бауыржанов – VI турдың үздік голының авторы!

20 шілде 2026

«Ақтөбе» U18 шабуылшысы Ибраһим Бауыржанов Freedom QJ League жанкүйерлерінің дауыс беру қорытындысы бойынша марапатталды.

Ибраһим Бауыржанов – VI турдың үздік голының авторы! ⚽🔥 Кеше өткен матч алдында «Ақтөбе» U18 командасының шабуылшысы Ибраһим Бауыржановқа Freedom QJ League ұйымдастырушылары тағайындаған «VI турдың үздік гол авторы» арнайы марапаты табысталды. Freedom QJ League жанкүйерлерінің дауыс беру қорытындысы бойынша VI турдағы ең үздік гол деп Ибраһим Бауыржановтың «Ертіс» U18 қақпасына соққан голы танылды. Ибраһимді осы лайықты марапатымен құттықтаймыз! Алдағы кездесулерде де жарқын ойын көрсетіп, жанкүйерлерді керемет голдарымен қуанта беруіне тілектеспіз!

Ибраһим Бауыржанов – VI турдың үздік голының авторы! | FC Aktobe