Черевченко – «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері 🇹🇯🇷🇺 51 жастағы тәжірибелі маман Игорь Черевченко «Ақтөбенің» жаңа бас бапкері атанды.Черевченко Тәжікстанда дүниеге келген және жергілікті «Памир» клубында ойнап, футбол шеберлігін сол жерде дамытқан. Кейінірек Ресейге қоныс аударып, мәскеулік «Локомотив» пен «Торпедо» және «Алания» (Владикавказ) командаларында өнер көрсетті.Өз ұжымындай болып кеткен «Локоны» жаттықтырған шағында бапкерлік атағы шығып, клубпен бірге Ресей Кубогін жеңіп алды. «Локомотивтен» басқа, Чери ресейлік «Балтика» (Калининград), «Арсенал» (Тула), «Химки» (Мәскеу облысы) және «Факел» (Воронеж) клубтарын, сондай-ақ Тәжікстанның «Истиқлол» (Душанбе) командасын баптап, онымен бірге үш жыл қатарынан Тәжікстан чемпионатын және ел Кубогі мен Суперкубогін иеленді. Азия Чемпиондар лигасына шығарды.«Ақ-қызылдар» қатарына қош келдіңіз, Игорь Геннадьевич! 🤝🔴⚪️
51 жастағы тәжірибелі маман Игорь Черевченко «Ақтөбенің» жаңа бас бапкері атанды. Ресей мен Тәжікстан чемпиондарын баптаған бапкер клубқа қош келді!
Бөлісу
Жаңалықтарға оралу



