Карлос Чаиньо «Ақтөбе» клубының скаутинг саласын дамытады
FC Aktobe

Карлос Чаиньо «Ақтөбе» клубының скаутинг саласын дамытады

Жаңалықтарға оралу
2 сәуір 2026

Карлос Чаиньо «Ақтөбе» футбол клубының скаутинг саласын дамытады 🇵🇹

Анголада туған португалиялық маман Карлос Нарсисо Чаиньо «Ақтөбе» футбол клубының спорт бөлімін толықтырды.

51 жастағы экс-жартылай қорғаушы ойыншы ретінде Португалияның «Каса Пиа», «Эштрела», «Порту», «Маритиму» және «Насьонал», Испанияның «Сарагоса», Грекияның «Панатинаикос», Кипрдың «Алки» (Ларнака) және Иранның «Шахин Бушер» клубтарында ойнаған.

Бапкер ретінде португалиялық «Навал», «Тондела», «Виториа Сетубал» және «Каса Пиа» ұжымдарында қызмет атқарған.

Чаиньо – қазіргі таңда Португалия чемпионатының амбассадоры. Біздің клубта маман спорт директоры Марат Хайруллинге трансфер және селекция (іріктеу) жағынан жәрдемдеседі.

Бөлісу