FC Aktobe
Карол Праженица «Ақтөбе» ФК бас бапкерінің көмекшісі болып тағайындалды
FC Aktobe

Карол Праженица «Ақтөбе» ФК бас бапкерінің көмекшісі болып тағайындалды

1 сәуір 2026

55 жастағы словак маманы Карол Праженица Штефан Таркович бастаған «Ақтөбе» бапкерлік штабына қосылды. PRO лицензиясы бар тәжірибелі маман.

Карол Праженица – «Ақтөбе» ФК бас бапкерінің көмекшісі 🇸🇰

55 жастағы словак маманы Карол Праженица бас жаттықтырушы Штефан Таркович бастаған "Ақтөбе" футбол клубының бапкерлік штабына енді.

Праженица – PRO лицензиясы бар білікті бапкер. Ойыншы ретінде Словакияның "Дукла", "Банска" және "Кошице" клубтарында, Чехияның "Славия" (Прага), "Дукла" мен "Ческе Будейовице", сондай-ақ Хорватияның "Хайдук", Грекияның "ОФИ" (Крит), Германияның "Вильхельмсхавен" және Венгрияның "Матяж" сынды клубтарында өнер көрсеткен.

Бапкердің көмекшісі ретінде "Дунайска Стреда" ұжымында, бас бапкер болып "Римавска", "Липтовски", "Подбрезова", "ВиОн" және "Сеница" клубтарында қызмет атқарған. Тарковичпен бірге Қырғызстан ұлттық құрамасында жұмыс істеген.

Карол Праженица «Ақтөбе» ФК бас бапкерінің көмекшісі болып тағайындалды | FC Aktobe