FC Aktobe
Көп рақмет, Кэп! Капитан Бағдат Қайыровпен қош айтысамыз
FC Aktobe

Көп рақмет, Кэп! Капитан Бағдат Қайыровпен қош айтысамыз

18 қараша 2026

«Ақтөбе» футбол мектебінің түлегі, командамыздың капитаны Бағдат Қайыровпен келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты қош айтысамыз. Алдағы мансабыңа сәттілік, Бага!

Көп рақмет, Кэп! «Ақтөбе» футбол мектебінің түлегі, командамыздың капитаны Бағдат Қайыровпен келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты қош айтысамыз. Бағдат жергілікті футбол мектебінен түлеп ұшып, кәсіби мансабын бірінші лигада өнер көрсететін «Каспий» ФК құрамында жалғастырды. 2015-2016 жылдары «Ақтөбе» ФК сапына қосылып, команданың негізгі ойыншыларының біріне айналды. Кейін клуб ауыстырып, «Қайсар», «Ордабасы», «Тобыл» командаларының сапында доп тепті. Араға біраз уақыт салып, 2024 жылы туған командасына қайта оралды. Капитан биылғы маусымда 8 матчқа қатысты. Бағдатқа командаға деген құрметі, жылдар бойы көрсеткен жоғары деңгейдегі ойыны, жеңіс пен жеңілісте де команда намысын қорғап, төккен тері үшін алғыс білдіреміз. Алдағы мансабыңа сәттілік, Бага!