Мирам Қазақстан Премьер-лигасында дебют жасады
«Ақтөбенің» 19 жастағы түлегі Мирам Кикбаев кеше өткен #АқтөбеТобыл матчында алаңға тыңнан қосылды.
Осылайша, жас жартылай қорғаушы ҚПЛ-дағы дебюттік матчын өткізді.
Бұған дейін Мирам жасөспірімдер деңгейінде QJ League жарысында және «Ақтөбе» жастар командасы мен павлодарлық "Ертіс" сапында Бірінші лигада өнер көрсеткен. Сондай-ақ 2024 жылы «Ақтөбе» негізгі командасымен бірге Лига Кубогінде дебют жасады.

