Нани алдағы матчқа қатыспайды
«Ақтөбе» жартылай қорғаушысы Луиш Нанидің әулетінде қайғылы жағдай орын алды. Оның жақын туысқаны өмірден озды. Ұжым атынан қайырлы болсын айтамыз.
Екіншіден, Нани Ibercup халықаралық турнирінің елшісі ретінде Бразилияда 20-26 шілде аралығында өтетін үлкен спорттық іс-шараға қатысады. IberCup São Paulo жарысының ресми амбассадоры есебінде «Ақтөбе» ойыншысы әуелі Лиссабонға барған соң, Сан-Паулуға ұшуға міндетті болмақ.
Осылайша, Луиш Нани командамен бірге Өскеменге ұшпайтынын хабарлаймыз.




