🇵🇹 Португалдық бапкерлер «Ақтөбеге» екі апта бойы көмектеседі
FC Aktobe

🇵🇹 Португалдық бапкерлер «Ақтөбеге» екі апта бойы көмектеседі

Жаңалықтарға оралу
1 сәуір 2026

🇵🇹 Португалдық бапкерлер «Ақтөбеге» екі апта бойы көмектеседі

«Ақтөбе» футбол клубының португалиялық "Бенфика" сынды клубтармен ынтымақтастығы өз жемісін бере бастады.

Ойыншыларымыздың қалыпқа келуі мен физикалық күш-қуатын арттыру мақсатында командаға Жоао Соттомайор Фернандеш Рикардо мен Томаш Жозе Рего Мота атты аса тәжірибелі мамандар келіп қосылды. Остеопатия, фитнес, физиотерапия салаларының үздіктері атанған Соттомайор мен Томаш Мота әлемдік футбол жұлдыздарының көпшілігімен жұмыс істеп, жөнге салған. Олардың қатарында – Луиш Нани, Рикардо Куарежма, Себастьян Джовинко, Серхио Агуэро, футзалшы Рикардиньо, Бруну Алвеш және басқалары.

Аталмыш бапкерлер біздің жаттықтырушылармен тәжірибе алмасып, команданың физикалық хал-ахуалын біршама деңгейге шығарады деп жоспарланған.

Бөлісу