Штефан Таркович – «Ақтөбе» ФК жаңа бас бапкері
FC Aktobe

Штефан Таркович – «Ақтөбе» ФК жаңа бас бапкері

Жаңалықтарға оралу
1 сәуір 2026

53 жастағы словак маманы Штефан Таркович «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері лауазымына тағайындалды.

Ойыншы ретінде Таркович өз отанындағы "Татран", "Рапид" сияқты бірқатар ұжымдарда өнер көрсеткен. Бапкерлік мансабын Братиславаның "Спойе" клубында бастап, кейіннен Словакияның U17, U18, U19 (оның ішінде қыздар) құрамаларында бас бапкер көмекшісі қызметін атқарған. Одан бөлек, "Кошице" және "Жилина" сынды белді клубтарда әртүрлі міндетті абыроймен алып жүрген.

Ұлттық құрама деңгейінде Словакияны 2020 жылғы Еуропа чемпионатына шығарса, Қырғызстанды 2026 жылғы Әлем чемпионатының үшінші іріктеу кезеңіне дейін тарихта алғаш рет жетелейді.

Тәжірибесі мол жаттықтырушыны ақ-қызылдар құрамында жылы қарсы ала отырып, оған және оның бапкерлік штабына "Ақтөбені" жарқын жеңістерге жеткізу бағы бұйырсын деген тілек айтамыз.

Бөлісу