FC Aktobe
Штефан Таркович келісім-шарт бұзды
FC Aktobe

Штефан Таркович келісім-шарт бұзды

31 шілде 2026

«Ақтөбе» ФК бас жаттықтырушысы Штефан Тарковичпен келісім-шартты бұзу туралы келісімге келді. 53 жастағы маман сәуір айында бапкер болып, 17 ойын өткізді.

Көп рақмет!«Ақтөбе» футбол клубы бас бапкер Штефан Тарковичпен келісім-шарт бұзысу туралы тоқтамға келгенін ресми хабарлайды.53 жастағы словакиялық маман сәуір айының басында ақ-қызылдардың тізгінін ұстап, содан бері барлық турнир аясында он жеті матч өткізді. Оның сегізінде (екеуі – Кубок) команда жеңіске жетсе, төртеуінде тең түсіп, бесеуінде жеңіліс тапты.Бас жаттықтырушымен қатар, сондай-ақ оның көмекшілері ретінде қызмет атқарған Карол Праженица мен Мартин Руснак «Ақтөбеден» кетті.«Ақтөбе» футбол клубы Таркович бастаған бапкерлер тобына алғыс білдіре отырып, олардың алдағы мансаптық жолына табыс тілейді.