FC Aktobe
Шушеначев пен Ордец ҚПЛ 9-турының үздіктер құрамында
FC Aktobe

Шушеначев пен Ордец ҚПЛ 9-турының үздіктер құрамында

Жаңалықтарға оралу
13 мамыр 2026

Шушеначев пен Ордец – ҚПЛ 9-турының үздіктер құрамасында🔝

"Ақ-қызылдардың" шабуылшысы Артур Шушеначев #АқтөбеҚайсар матчында (3:0) бір гол соғып, үшінші голдың соғылуына себепкер болды. Өткен ойында форвард екі рет допты тартып алып, екі сәтті дриблинг жасады және қос мәрте шешуші пас шығарды. Одан бөлек қарсылас қақпасына бес соққы бағыттап, 25 рет допқа талас жүргізді. XG – 0.6.

"Ақтөбе" қорғаушысы Иван Ордец өткен кездесудегі алғашқы голдың соғылуына себепші болды (доп ресми түрде автогол деп жазылды). 56 пас беріп (дәлдігі 88%), 12 рет допқа таласты және 11 мәрте допты команда иелігіне қайтарды.

Бөлісу