FC Aktobe
Sports24.kz – «Ақтөбе» футбол клубының жаңа ақпараттық серіктесі
FC Aktobe

Sports24.kz – «Ақтөбе» футбол клубының жаңа ақпараттық серіктесі

2 шілде 2026

«Ақтөбе» ФК Sports24.kz спорттық-сараптамалық интернет-порталымен ақпараттық серіктестіктің басталғанын хабарлайды.

«Ақтөбе» футбол клубы Sports24.kz спорттық-сараптамалық интернет-порталымен ақпараттық серіктестіктің басталғандығы туралы қуана хабарлайды.

Ынтымақтастық футболды насихаттауға, сондай-ақ «Ақтөбе» ФК жетістіктерін ақпараттық кеңістікте мейлінше кеңінен және сапалы жариялауға бағытталған.

Бұл әріптестік жанкүйерлерімізді клубқа және команда төңірегіндегі барлық маңызды оқиғаларға жақындата түсуге мүмкіндік беретініне сенімдіміз.