FC Aktobe
Важа Тархнишвили спорт директоры болып тағайындалды
FC Aktobe

Важа Тархнишвили спорт директоры болып тағайындалды

2 мамыр 2026

Грузиялық маман Важа Тархнишвили ФК «Ақтөбе» спорт директоры лауазымына тағайындалды. Бұрынғы «Шериф» капитаны көптеген жетістіктерге қол жеткізген.

Ақ-қызыл отбасына қош келдіңіз, Эдуардович! 🇬🇪 Грузиялық белгілі маман Важа Тархнишвили «Ақтөбе» футбол клубының спорт директоры лауазымына тағайындалды. Ойыншы мансабында қорғаушы болып өнер көрсеткен Тархнишвили тираспольдік даңқты «Шерифтің» капитаны ретінде Молдованың он бір дүркін чемпионы атанған. Сондай-ақ аталмыш ел Кубогін жеті мәрте, ал Суперкубогін төрт рет жеңген. Достастық чемпиондар Кубогін екі рет қанжығасына байлаған. Бес мәрте Молдова чемпионатының «Үздік қорғаушысы» деп танылған.

Важа Тархнишвили спорт директоры болып тағайындалды | FC Aktobe