Welcome to Aktobe, Uche!
10.Feb.2024
28 жастағы нигериялық жартылай қорғаушы Уче Харри Агбо “Ақтөбенің” жаңа ойыншысы атанды.
Кано қаласының тумасы өз еліндегі “Баи Бойз”, “Тараба”, JUTH және “Эньимба” клубтарында ойнаған. Орталық қорғаныста да, жартылай қорғаныста да ойнай алады.
Еуропаға қоныс аударып, Уче италиялық “Удинезе”, испандық “Гранада” және “Райо Вальекано” мен “Депортиво Ла-Корунья”, ағылшындық “Уотфорд”, бельгиялық “Стандард” (Льеж) және португалиялық “Брага” ұжымдарында өнер көрсеткен.
Нигерияның 20 жасқа дейінгі және ұлттық құрамасының намысын қорғаған.