Абонемент иелерінің назарына

02.Июл.2024

 Биылғы маусымға абонемент алған жанкүйерлер ертең сағ. 14:00-ден бастап, «Сараевоға» қарсы өтетін ойынға өз орындарына билет сатып ала алады.

УЕФА Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясындағы алғашқы матч біздің Орталық стадионда 11 шілде күні сағ. 20:00-де өтеді.

Орталық стадионда өтетін еурокубоктік матчтардың билет құны:
🔺Шығыс: 1 және 6 сектор — 2000 теңге;
2 және 5 сектор — 4000 теңге;
3 және 4 сектор — 5000 теңге.
🔻Батыс: 14 және 19 сектор — 2000 теңге;
15 және 18 сектор — 4000 теңге;
16 және 17 сектор — 5000 теңге;
✅VIP-Comfort — 10 000 теңге.
🔸Солтүстік: 20, 21, 22 сектор — 2000 теңге.
🔹Оңтүстік: 8, 9, 10, 11 сектор — 2000 теңге.

Абонемент иелері өз орындарына билетті осы жұмыс аптасының соңына дейін сатып ала алады. Билет сатып алу үшін Орталық стадионға келуіңіз сұралады (Әбілқайыр хан даңғылы, 56, «Ақтөбе» ФК кеңсесі).