«Атыраумен» өтетін чемпионаттағы ойын кейінге шегерілді

12.Июл.2024

УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңіне қатысып жатқан “Ақтөбе” футбол клубының “Атырауға” қарсы сырт алаңдағы матчы белгісіз уақытқа кейін қалдырылды.

Қазақстан біріншілігінің 14-туры аясындағы кездесу 14 шілде күні Атырауда өтуі тиіс еді.

“Ақтөбе” футбол клубы аталмыш ойынды шегеруге атсалысқан “Атырау” футбол клубына және QFL басшылығына алғыс айтады.